Сенбі, 27 сәуiр, 18:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды

04.08.2023

407 0

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.

«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында «Nissan Teana» маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», – делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екендігі белгісіз.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, осыған дейін Риддерде бір апта бұрын жоғалған әйелдің денесі өзен жағасынан табылғаны хабарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: