Қытайдың Тибет аймағында болған жер сілкінісінен кемінде 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, бастапқыда Қытайдың Орталық телеарнасы 9 адам қаза тапқанын хабарлады. Табиғи апат көптеген ғимараттардың қирауына әкелді. Құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, апат аймағында халықты эвакуациялау жұмыстары басталды.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 09:05-те (Астана уақытымен 06:05-те) тіркелді. АҚШ-тың Геологиялық қызметі магнитуданы 7,1 балл деп бағалаған, ал Қытайдың сейсмикалық орталығы магнитуданы 6,8 балл деп көрсетті.
Жер сілкінісінің эпицентрі Тибеттің Шигадзе қаласынан 163 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпуі Дингри ауданының тұрғындары тарапынан сезілді. Непал, Үндістан, Бутан және Бангладеште де дүмпулер байқалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!