Елімізде мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгеріс енгізілді. Заң Қазақстан Республикасының 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған.
Мемлекет басшысы 19 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған еді. Құжат 1 шілде күні күшіне енді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметшілердің процедураларын оңтайландыру және автоматтандыру, мерзімдерді қысқарту, талап етілетін құжаттарды азайту, артық кедергілер мен қайталанатын талаптарды алып тастау, клиентке бағдарлану және әдеп стандарттарын сақтау деген сияқты мемлекеттік қызметшілердің осы тұста қызмет жасауын көрсетеді, сонымен қатар мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған.
Заңның жаңа редакциясы мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жаңартты. Ол мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ұлттық басымдықтарды жүзеге асырудағы рөлін заңнамалық түрде бекітіп, кадр саясаты мен қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтермек.
Жас әрі талантты мамандарды тарту мақсатында заңда мемлекеттік қызметке кіруге даярлау институтын енгізу қарастырылған. Ол мемлекеттік функцияларды тиімді орындауға қажетті құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған білім беру іс-шаралары кешенін қамтиды.
Маңызды жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік қызметке іріктеуді толық цифрлық форматқа көшіру.
Кандидаттарды іріктеу «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Заң кадрларды іріктеу мен бағалаудың цифрлық құралдарын енгізуді, тәлімгерлік институтын дамытуға жол ашады. Мемлекет көрсететін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет алдында тұрған міндеттерді тиімді орындауға бағытталған.
Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру.
Қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілік қолдану мәселелері реттелген.
Заңға енгізілген түзетулер блогы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкестендіруге бағытталған.
Жаңа заңның басты мақсаты – кәсіби, ашық, әділ және халыққа бағдарланған мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары ретінде қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік, мінсізбедел, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілік айқындалған.
Жалпы алғанда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясы мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге және ең бастысы – азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған. Жаңа заң халыққа бағдарланған, кәсіби және заманауи мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастырудың маңызды құқықтық негізі болып табылады.
Абзал Елкенов,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!