Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ЖОЛДАУ ЖАСТАРҒА ЖІГЕР СЫЙЛАДЫ

07.09.2022

705 0

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасады. Жолдауда айтылған оқиғалар мен берілген тапсырмалар қоғамда қызу талқыға түсуде. Оң өзгерістер қатарында жастардың мәселелері де ашық айтылды.

Соңғы оқиғаларға байланысты нақты шешімдер, нақты тапсырмалар күтілуде. Президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% – ын балалардың 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына аударуды ұсынды. Олар 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған соманы оқуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Бұл шара жастардың көптеген мәселелерін шешеді. Өйткені ересек өмірде жоғары білім алу, тұрғын үй сатып алу, жұмысқа орналасу проблемалары туындайды.

Сонымен қатар есірткіге қарсы күрес жөнінде де маңызды шешім қабылданды. Жақында есірткі заттары жастар арасында кең таралған, әсіресе синтетикалық есірткі, оларды әлеуметтік желілер арқылы, түнгі ойын-сауық орындарында да алуға болады.

Президенттің тапсырмасы бойынша есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар әзірленетін болады. Қоғам мен Үкімет бірігіп бұл мәселені шешеді деп ойлаймын. Есірткіге тәуелді жастар – бұл елдің болашағы емес. Егер осы мәселені шешсек, жастардың жарқын болашағын қамтамасыз етеміз.

Тағы бірауыз толтырып айтатынымыз, кәсіпкерлікпен айналысу үшін жастарға жылдық өсімі 2,5% несие беріледі және 2023 жылы 100 мың жасқа жұмыс беру тәртібі қарастырылады. Бұл жағдайда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің өсімі айтарлықтай төмендейтіні сөзсіз.

Нұрасыл БЕКМАТОВ

Qosyl қалалық жастар орталығының қызметкері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: