Жұма, 29 наурыз, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жұлдыз Өмірғали айналасына жайсыздық тудырып жүргенін жасырмады

22.05.2023

940 0

Атақты KeshYou тобының экс-мүшесі, Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғали әлеуметті желіде оқырманына мұңын шақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші, актриса Жұлдыз Өмірғали артық салмақтан арыла алмай, қииналып жүргенін жасырмай айтты.

“Кімде арықтататын әрі жасартатын дәрі бар? Қайран 54 келі салмағым… Денемдегі артық май үшін жылап шаршадым. Өзіме ғана емес, айналамдағыларға да жайсыздық тудырамын. Мен ел алдында жүрген адаммын, актрисамын. Мен арық болу керекпін, дене бітімімде де өзгерістер болмауын қадағалауым қажет. Бір сөзбен айтқанда, робот болу керекпін”, – дейді Жұлдыз Өмірғали.

Өнер иесі арық көрінудің де машақаты көп екенін айтты.

“Мен арық көріну үшін ракурс, үйлесімді киім үлгісін іздеймін. 64 келі салмақты киіммен жасыра алмайсың. Артық салмақ жинап алғаным түрімнен көрініп тұр. Өзімді 100% жек көремін”, – дейді актриса.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: