Жұма, 27 желтоқсан, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жұмыстан шаршаған шенділерге тынығу бөлмесі ашылмақ

13.02.2023

964 0

Ақтөбеде жұмыстан шаршаған шенділер енді психологпен жұмыс істеп, танымдық фильм көрмек, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро. бағдарламасы.

Мемлекеттік қызметтен шаршап жүрген шенеуніктердің миын тынықтыратын кабинет облыс әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Мұны кәсіподақтар Федерациясы ашып беріпті. Өйткені былтыр федерация «Халық бюджеті-2022» байқауын ұйымдастырғанда облыс әкімдігі осы жобаны ұсынып, жеңімпаз атанған. Осылайша, әкімдік шаршаған шенділерге серпіліс беруді жөн көрген.

Мұнда әр түрлі тренингтер өткізіп, психологиялық тренерлерге жүгінуге болады. Негізгі мақсаты – ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалды жақсарту, – деді Ақтөбе облысы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Альмира Шамирова.

Бұл байқауға ұсынылған бір ғана жоба екен. Ашылған күні бір топ шенеунікке психологпен тренинг ұйымдастырып, күйзелістен арылу жолдары туралы кеңес берілген. Келушілерге бұдан бөлек кітап оқып, зияткерлік ойындар мен танымдық фильм көре алады.

Өзін-өзі дамыту орталығына мемлекеттік қызметкерлер түскі үзілісте немесе жұмыстан кейінгі уақытында келеді. Кофебрейк, тіпті туған күн кештерінде атап өтуге болады. Кабинеттің жабдығына бас-аяғы үш миллион теңге қаржы жұмсалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: