Жұма, 19 сәуiр, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жыл соңында Президент – Елбасы туралы заң күшін жоя ма?

15.11.2022

710 0

Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заң күші қашан жойылатыны туралы Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді.

«Бұған дейін Конституциядан Тұңғыш Президенттің ерекше мәртебесі туралы жазылғандар алып тасталды, тиісінше қазір отандық заңнаманы Конституцияға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді Мусин БАҚ өкілдеріне.

Министр заңнама Конституцияға сай болатынын айтады.

«Тұңғыш Президент туралы заң, ол бойынша күшін жоюды мойындау туралы шешім қабылданады. Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, әзірге уақыты белгісіз, бірақ заң шығару бастамасы тек Үкіметке емес, Президент пен Парламент депутаттарына да тиесілі. Сондықтан мұндай шешім депутаттардың бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкін. Бірақ әзірге мұндай заң жобасы Әділет министрлігіне Парламенттен түскен жоқ. Қабылданғаннан кейін ол пысықталады», – деп түйіндеді Мусин.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заңның күшін жою жыл соңына дейін жоспарланғанын айтқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: