Сенбі, 04 мамыр, 06:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жылу беруде мәселе болған жоқ

01.04.2024

679 0

Қызылорда жылу электр орталығы  мекемесінің «Жылу жүйелері» бөлімінің басшысы Хасанғали Иманғалиев БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Онда  қаладағы жылу беру маусымының тұрақты екенін айтты.

– Қызылордада күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан жоғары болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы аяқталады. Биыл жылу беру маусымы шамамен 10 немесе 15 сәуірге жоспарланып отыр, – деді Хасанғали Иманғалиев.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласын жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» штаттық режимде жұмыс істеуде, яғни КОГТЭС-тегі №2,3 газотурбиналық қондырғысы мен су қазандығы, ЖЭО-ның №6 бу қазандығы, турбогенератор №2,3,  Оңтүстік қазандығы бойынша №1,2, бу қазандықтары қаланың мөлтек аудандарында орналасқан 20 дана автономды блок модульді қазандықтардың 18 жұмысын атқаруда. Сондықтан кәсіпорын тарапынан барлық қала тұрғындарына жылу энергиясы сапалы әрі тұрақты беріліп отыр.

Жалпы Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы 199, 05 шақырымды құрайды.

Өткен жылы жылу желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жалпы ұзындығы 11,9 км жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 48-ден 45,1 пайызға дейін азайған.

Ал биыл жалпы ұзындығы 4,3 км диаметрі 57-325 мм құрайтын  кварталаралық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары, 6 жоба бойынша жалпы ұзындығы 9,5 км қаланың жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Биыл кәсіпорын өз есебінен жалпы ұзындығы 4,3 км, диаметрі 57-325 мм құрайтын  кварталаралық жылу желісін жөндеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жоба бойынша қаланың 9,5 км құрайтын жылу желілерін жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: