Дүйсенбі, 06 мамыр, 04:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жылуда ақау болған жоқ

06.12.2022

578 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қала әкімдігінде қала орталығындағы жылу беру жүйесінің жағдайы жөнінде брифинг өтті. Оған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев, қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек, «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев қатысты.

– Биыл жылу беру маусымы 4 қа­занда басталды. Қазіргі таңда қаланы жылумен қамтамасыз ету мақсатында «Қызылордажылуэлектрорталығы» үздік­сіз жұмыс істеуде. Газотурбиналық қондырғысы мен су қазандығы, жылу электр орталығының №9 бу қазандығы мен №3турбогенераторы қаланың шағын аудандарында орналасқан 15 дана авто­номды блок модульді қазандықтары және Белкөл қазандығы жұмыстарын атқаруда. Температуралық режим кестеге сәйкес қамтамасыз етілуде. Қызылорда қаласы бойынша 190 шақырым жылу желілері бар. Оның ішінде магистралдық жылу желілері 35,7 шақырым және кварталаралық жылу желілері 154,3 шақырымды құрайды. Жылу желілерінің жалпы тозуы 45 пайызды құраса, жылу энергиясының нормативті ысыраптары 13,5 пайызды құрайды. Биыл 5,1 шақырым әртүрлі диаметрлі жылу желілерінің ақауын ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұның барлығы қыс маусымында қажетті жылу беруді қамтамасыз ету, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаев.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бө­лімінің басшысы Абзал Рысбек қала орталығындағы көпқабатты тұрғын үй­лердің барлығы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылғандығын жеткізді.

– Қала аумағында 774 көпқабатты тұрғын үй толыққанды жылумен қамтамасыз етілуде. 41 үй автономдық блокты модульдік қазандықтар арқылы жылытылады. Шаһар тұрғындары бөл­мелерде жылу бірдей берілмеуі жөнінде айтып жатады. Оның басты себебі тұрғындардың түрлі жолдармен өз пәтерлерінің жоспарларын ішінара өзгертуі жылу құбырларында ауа айналымының болмауына әкеп соқтырады. Осыған сәйкес, тұрғын үйдің инженерлік жүйе­лерін қалыпқа келтіру үшін тұрғындар қажетті материалды алу арқылы басқару органымен  бірлесе жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет, – дейді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбек.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: