Сәрсенбі, 29 мамыр, 01:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды

04.01.2023

439 0

Фото: primeminister.kz

ҚазАқпарат – Зүлфия Сүлейменова ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Президент қол қойған жарлықта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.

2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2022 жылы 14 наурызда Зүлфия Сүлейменова экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: