Жұма, 26 сәуiр, 19:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Нәзік жандылар құрметке бөленді

08.03.2023

431 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Департамент бастығы Шәймерден Тәжіқұлұлы өз қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген бірқатар азаматшаларды, сала ардагерлерін, облыстық Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен қызметкерлердің аналарын көктем мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тапсырды.
– Еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына әйел қоғамының қосқан үлесі зор. Отбасының тыныштыған, береке-бірлігін сақтап қана қоймай, қоғамның әр саласында қызмет етіп, еліміздің өркендеуіне, өсуіне тікелей атсалысып жүрген аруларымыз қаншама. Солардың ішінде ішкі істер органдарында ер азаматтармен қатар ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген погондағы нәзік жандылар қаншама. Қылмыстық-атқару жүйесі саласының дамуына өз үлестеріңізді қосып, анттарыңызға адал қызмет етіп келесіздер. Әйелдер қауымын көктем мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тілеймін, – деді облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Шәймерден Есенкелдиев.

Шара барысында ҚР ІІМ-нің құзырымен, Департамент бастығының бұйрығымен қызметте антына адал қызмет етіп жүрген ҚАЖ департаменті мен мекеменің бірқатар қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ, Департамент бастығы Шәймерден Тәжіқұлұлы ҚАЖ департаменті жедел тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет майоры Қонысбекұлы Ғалымжанның анасы Итемгенова Аманкүл Тасқарақызына, Штаб тобының бастығы әділет майоры Даутбаева Эльвира Пазылқызының апасы Даутбаева Жанна Пазылқызын «Офицердің анасы» медалімен марапаттады.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: