Жексенбі, 24 қараша, 09:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтар сала мамандардан кеңес алды

11.04.2023

523 0

Сырдария аудандық прокуратурасының ұйымдастырумен аудандық полиция бөлімінде пробация есебіндегі сотталғандармен кездесу өткізілді. Аталған жиналысқа денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарының қызметкерлері қатыстырылды.

Кездесу барысында сотталғандарға қайта қылмыс жасаудың алдын алу бағытында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса медициналық және әлеуметтік көмек алу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілді орган мамандарымен құқықтық кеңестер берілді.

– Мен бүгінгі қабылдауда болып, көкейімде жүрген сұрақты қойдым. Жеке кәсіп ашсам деген ниетім бар. Мемлекет қосымша қандай көмек берілетінін және ол көмекті алу жолын сұрап білдім. Осындай қабылдауларды, кездесулерге жиі қатыстырып, ұйымдастыратын пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: