Жексенбі, 28 сәуiр, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері талқыланды

30.06.2023

286 0

Бүгін қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейіловтың төрағалығымен адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссия отырысы өтті.Комиссияның негізгі міндеттері адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және адамдарды заңсыз әкетудің, әкелудің және сатудың құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.Осыған сәйкес, қала әкімдігімен «Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітіліп, құқық қорғау органдары, денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, еңбек басқармалары және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.Осы ретте отырыста адам саудасы құрбандарына сапалы медициналық, психологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру және адам ағзалары мен тіндерін алу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу, адам саудасына қарсы күрес бойынша құзыретті органдардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, адам саудасына, оның ішінде балаларды саудалауға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған ақпараттық-насихат, түсіндірме іс-шараларын тұрғындар арасында ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдаланудың алдын алу мақсатында өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылармен жүргізілген жұмыстар қаралды.Жиын барысында кеңес төрағасымен қаралып отырған мәселердің өзектілігіне байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар кешені берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: