Жұма, 10 мамыр, 06:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Алимент төлеуден жалтарған 106 тұлғаны анықтады

06.01.2021

882 0

Борышкерлерді, алимент төлеуден жалтарғандарды және туыстық қатынасын жоғалтқандарды анықтау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі бөліністерімен бірқатар жұмыстар атқарылуда.

          Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың  12 айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерімен алимент төлеуден жалтарған 126 тұлғаға іздеу жарияланып, оның 106-сы анықталып,  іздестіру істері өндірістен тоқтатылды.

          Ал, мемлекетке борышкер 33 тұлғаға іздеу жарияланса, оның 30-ның мекен-жайы анықталды.

          Мәселен, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  көші-қон қызметі бөлімімен 2017 жылы іздеу жарияланған 2 тұлға, 2018 жылы іздестіру ісі арналған 4 тұлға анықталды.

2017 жылдан бері алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қызылорда ҚПБ көші-қон қызметі бөлімімен іздеуде жүрген бір азамат Алматы қаласынан, бір азамат Нұр-Сұлтан қаласынан анықталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: