Дүйсенбі, 07 қазан, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Ақтаулық жүргізуші қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді

10.12.2020

1438 0

Қызылорда облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін күшейтілген кезекшілікке қызметке түсіп, жұмыс жасауда.

      9 желтоқсан күні Ақтау қаласының тұрғыны Нұрмағабетов Нұрсұлтан әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Жүргізуші Ақтау қаласынан Шымкент қаласына тиелген тауармен келе жатқан.

      Ауа райының кенеттен нашарлауына байланысты және техникалық ақаулықтардың салдарынан оның жүк көлігі «Шымкент-Самара» тас жолының 1781 шақырымында тоқтауға мәжбүр болған.

       3 күн бойы Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторы полиция аға лейтенанты Мұханбетов Руслан пен полиция аға лейтенанты Байбол Жомарт жолда қалып қойған жүк автокөлігінің жүргізушісіне көмек берді.

       Полицейлер ақауларды жоюға, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізуге көмек көрсетіп, оны күнделікті тамақпен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолда қалып қойған жүргізушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлікті жөндеуге көмектесті. Кейін ол жолын жалғастырды.

      Жүргізуші қызылордалық полицейлерге халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде толағай табыстарға жетуге алғысын білдіріп, полиция қызметкерлерінің қолдан келген көмек бергендеріне риза болды.

       Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушілерге барынша мұқият болуды ескертеді. Ұзақ сапарға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, күтпеген жерден жолда болатын көптеген жағдайларды алдын алуды, оқыс оқиғалар орын алған жағдайларда шұғыл қызметтерге немесе полицияға қоңырау шалуды сұрайды.

Қызылорда облысы Полиция департаментің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: