Сейсенбі, 16 шiлде, 16:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Берік отбасы – есіркіден алыс!

15.05.2023

754 0

Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай – ақ отбасылық құндылықтарды, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтына қоғамның назарын аудару, халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен отбасылық байқау ұйымдастырды.
Қатысушылар нашақорлыққа қарсы үндеу жасап, өз отбасыларының атынан дұрыс жол таңдау керектігін ашты. Содан кейін отбасылық флешмоб көрсетіліп, бірге есірткіге қарсы ән шырқады .
Олар бейне ұсынымдар әзірлеп, мессенджерлер арқылы облыс өңірлеріндегі сайыстық комиссияларға жіберді, содан кейін байқаудың үздік жұмыстары сайыстың екінші кезегіне қатысты .
Финалдық байқауға 17 отбасы қатысты. Байқауға қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, түрлі ақпаратты пайдаланды, нашақорлық мәселесі бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Танымал әндердің әуеніне, сөз жазып, есірткіге қарсы әндер орындады.
Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық және облыстық жеңімпаздар, сондай-ақ номинация жеңімпаздары деп танылды.
Үздік деп танылған отбасылар: Қожабековтер
(Арал ауданы) – 1 орын, Қалмұратовтар – 2 орын және Сарсенбековтер (Қармақшы ауданы)– 3 орын.
«Бақытты отбасы» номинация иегерлері болып Қалмұратовтар, Сарсенбековтер – «Мерейлі отбасы», Изкеновтер – «Өнерлі отбасы» (Қармақшы ауданы), Темірбаевтар – «Көңілді отбасы», Қожабековтер – «Көркем отбасы» (Арал ауданы), Әділбаевтар – «Үлгілі отбасы» (Қазалы ауданы), Шоңбаевтар – «Белсенді отбасы» (Жалағаш ауданы), Бөпежановтар – «Өнегелі отбасы» (Шиелі ауданы) болып табылды.
Қатысушы отбасылар жеке үлгісімен бос уақытты отбасы шеңберінде қалай тиімді өткізуге болатынын көрсетті.
Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: