Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Дүкеннің қабырғасын бұзып кірген: Қызылорда облысында ұры қолға түсті

03.11.2022

862 0

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының тұрғыны АПб-не арызданған. Қазан айының 22-нен 23-не қараған түні өзінің тұрғын үйінің алдындағы азық-түлік дүкенінің қабырғасын белгісіз біреулер тесіп бұзу арқылы ішіне кіріп, сөре ішіндегі 31 000 теңге ақшасын, 55 блок темекі өнімдерін, бейнекамераның тюнер құрылғысын және тюнерді суытып тұратын желдеткіш құралын ұрлап кеткен.

Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті 28 жастағы ауыл тұрғыны анықталып ұсталды. Айғақты заттар алынды. Күдікті полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағымен тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Дүкеннің қабырғасын бұзып кірген: Қызылорда облысында ұры қолға түсті
Дүкеннің қабырғасын бұзып кірген: Қызылорда облысында ұры қолға түсті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: