Жұма, 03 мамыр, 16:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ішікі істер органдары мен жеке күзет мекемелер арасында оқу-жаттығу өткізілді

24.07.2023

160 0

Ішкі істер министрлігінің нұсқауын орындау мақсатында Қызылорда ОПД басшылығымен бекітілген 2023 жылғы оқу-жаттығуларды өткізу кестесіне сәйкес, Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен аумағында жарылғыш заттары бар объектілерде әртүрлі енгізілетін тапсырмаларды орындау бойынша ішкі істер органдарымен және жеке күзет мекемелерінің қызметкерлері арасында бірлескен оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.

Оқу-жаттығу барысында облыс орталығында орналасқан қару-жарақ сататын дүкендерін жеке күзетпен және орталықтандырылған бақылау торабымен күзетке алған ұйымдарының жедел топ күзетшілерінің нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, объектілерге жасалған шабуылға тойтарыс беруде атқаратын іс-қимылдарына нақты баға беру және экстремалдық жағдайларда тиісті дағдыларды алуы және даярлығы, ІІО жасақшыларымен өзара іс-қимыл жасасуды жетілдіру және қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу мен алдын алу шаралары өткізіліп, қорытындысы талқыланып, қатысушыларға қосымша нұсқамалар берілді.  

Жедел ұтқыр тобының күзетшілері өздерінің қызметтік міндеттеріне сай іс-әрекет жасап, сеніп тапсырылған аумақтың қауіпсіздігін өз дәрежесінде қорғай білді және шабуылға тойтарыс беруде тиісті қызметтерін атқарды.

Оқу жаттығу өткізу кезінде жарылғыш заттар сақтайтын қоймалардың, қару-жарақ сататын дүкендер мен жарылғыш заттар сақтау орындарының инженерлік-техникалық нығайтылуына аса мән берілді.Облыс көлемінде жарылғыш заттарды сақтайтын объектілерге, қару жарақ сататын дүкендеріне жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу және жеке күзет ұйымдарының күзетшілерінің іс-әрекеттерінің сапасын жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыстар жалғасатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: