Бейсенбі, 02 мамыр, 12:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Германиядан табылды

14.07.2023

329 0

Есірткі сатқаны үшін қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Мюнхен қаласындағы босқындар лагерінен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдікті Астанаға ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы және Бас прокуратура көмегімен экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық қудалаудан жасырынған елорда тұрғыны 2021 жылдың сәуір айынан бастап іздеуде болған.

Ұсталған азамат Өзбекстан Республикасына тұрақты рейспен ұшып, сол жерден Қырғызстанға қоныс аударып, Анталия қаласына ұшып кеткен.

Әрі қарай Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын статусымен ГФР аумағында тұрақтаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: