Сәрсенбі, 27 қараша, 06:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Мотоцикл»: Қызылордада жүргізушілер 308 рет құқық бұзған

20.07.2021

821 0

Облыс аумағында мотоциклмен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың жолын кесу, оның ішінде мас жүргізушілерді анықтау мақсатында «Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында барлығы мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзған 308 дерек тіркелді. 13 мотокөлік түнгі тыныштықты бұзған. техникалық ақауы бар 19 мотокөлік анықталды. 13 заңсыз қайта жабдықтау, 30 міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген, 65 жүргізуші мотошлем пайдалану жөніндегі талаптар, 22 жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзған. 3 жүргізуші авариялық жағдай туғызып, 56 жүргізуші тиісті құжатсыз мотокөлік басқарған. 2 тұрғын мас күйінде мотокөлік басқарып, 2 қызылордалық көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны анықталды. 62 мотокөлік айып алаңдарына қойылды.

«Қазіргі таңда мотокөлік жүргізушісінің іс-әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық ісі қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: