Дүйсенбі, 06 мамыр, 07:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Музей қызметкерлері сотталған азаматтарға көрме өткізді

24.07.2023

203 0

Ағымдағы жылдың 21-шілде күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 тергеу изоляторының ұйымдастыруымен Оңтүстік Африка Республикасының президенті «Нэльсон Манделаның» құрметіне орай  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің С.Айтбаев атындағы көркемсурет галлериясы филиалы мен бірлесе отырып, сотталған азаматтарға көрме ұйымдастырылды.

– Бұл шараның ең басты мақсаты сотталған азаматтардың ойын бөлу, психологиялық тұрғыда көмек көрсету, сондай-ақ көрмеде көрсетілген әрбір картиналардың қалай салынғаны және көркем суреттер арқылы отанға, елімізге, жерімізге деген құрметтің, отбасы мен жақын адамдарға деген жылулықты ұмытпау керегін, өлке тарихының тағылымын түсіндіру мақсатында өз саласын жетік білген білікті  мамандарды шақыртып, сотталған азаматтармен кішігірім ой сергіту сәтін  ұйымдастырдық. Іс-шара барысында сотталған азматтар өздеріне ұнаған картиналарымен жеке танысып, қажетті сұрақтарын сұрау арқылы музей мамандарынан жауабын алды деді,- АКАӘПТЖБ-нің бастығы, әділет капитаны Е.Романқұлов.

– Бүгінгі көрмеден Қызылорда өлкесіндегі тарихи қалалар туралы біраз мағлұматтарды естіп, білдік. Көрмедегі суреттердің бояуы қанық болғандықтан бізге тым әсерлі болды. Көрмедегі тарихи орындар арқылы бейне бір  сол  ғасырлар  әлеміне барып келгендей болдық- деп, баяндады сотталған өзінің көрмеден алған ойымен бөлісіп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: