Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Орташа жылдамдық үшін айыппұл: Ішкі істер министрлігі өзгерістерді мақұлдады

25.07.2022

1495 0

Ішкі істер министрлігі тас жолдардағы орташа жылдамдықты асырғаны үшін жаза қарастыратын өзгерістерді қарап жатқанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Сонымен қатар қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы тас жолдарда орташа жылдамдық асырған көлік жүргізушілерін жауапқа тартуды қарастыратын өзгерістерді пысықтап жатыр», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Жандос Мұраталиев. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Қазақстанда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салуды заңдастыру жоспарланып жатқаны туралы мәлім болған. Стандарттау және метрология институты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске «орташа жылдамдық» ұғымын енгізу бойынша жоба дайындаған. 

Құжатты жаз аяғына дейін қабылдау керек. Бастапқыда, орташа жылдамдықты қала сыртындағы тасжолда өлшеп, кейін қаладағы камералар да бақылайды. Орташа жылдамдықты асырғаны үшін қандай айыппұл салынатыны әлі белгісіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: