Сенбі, 27 сәуiр, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Полицейлер 72 бас жылқыны иесіне қайтарды

12.02.2021

1106 0

Мал ұрлануына және жоғалуына жол бермеу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде халықпен жиындар өткізіп, онда мал ұрлығының алдын алу, ұжымдық жаюды ұйымдастыру, алдын-алу шараларын нығайту, сондай-ақ үй жануарларын уақтылы сырғалау және таңбалау мәселелері қаралады.

Бұл ретте, полиция қызметкерлері ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығын болдырмау мақсатында жедел-қызметтік жұмысының тиімділігін арттыруда.

Мәселен, қызылордалық полицейлердің жедел әрекеттерінің нәтижесінде, тәулік ішінде облыс тұрғынына жоғалған 72 бас жылқысы қайтарылды.

11 ақпан күні облыс орталығының тұрғыны жайылымда жүрген 72 бас жылқысының жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түсірген.

Аталған хабарлама бойынша, Ақсай Пб-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, тиісті бағыт-бардар беріле отырып, барлық елді мекендердегі шаруа қожалықтары, жайылымдық жерлер мен шалғайлар толығымен араланып, нәтижесінде учаскелік полиция инспекторларымен жоғалған жылқылар табылып, иесіне тапсырылды.

Қалалық Полиция басқармасының басшылығы халыққа жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдың сақталуына бақылауды күшейтуді сұрап, азаматтарды қырағылық танытуға, жайылымдарда үй малын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ оны бейтаныс адамдарға жаюға сенбеуге шақырады. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны немесе жаңа мобильді қосымшасы арқылы хабарласуыңызға болады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: