Дүйсенбі, 06 мамыр, 17:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Полиция департаменті сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдауда

28.07.2023

238 0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеті қолжетімділік пен ашықтықты арттырып, тұрғындармен кері байланыс орнату. Өз кезегінде, полицияның ашықтығы сыбайлас жемқорлықпен күресте негізгі қағидаттардың бірі.

          Сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында Қызылорда облысының Полиция департаменті кешенді жұмыс жүргізуде. Осы орайда, бүгін Полиция департаментінде жиын өтіп, онда жеке құрам арасындағы тәртіп және заңдылық мәселесі талқыланды.

          Сонымен қатар, бүгінгі жиын барысында Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасынан азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау және өтінішхаттарды қабылдау мәселелері қаралды.

          Аталмыш жиынға Орталық аппараттың қызметкерлері қатысып, қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары мен орынбасарлары аудиоселекторлық режимде қосылды.

          Жиын барысында полиция қызметкерлері арасында заң бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар, қабылданып жатқан іс-шаралар, сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметкердің қызмет атқару барысында бірінші кезекте қолданыстағы заңнамаларды басшылыққа алу мәселесі де талқыланды.

          «Жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіптің сақталуына тиісті бақылауды жүзеге асыру мақсатында жеке құрам арасында заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық алдын-алу іс-шаралары тұрақты негізде жүргізілуде. Бұдан бөлек, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар қабылдау жұмыстары Департамент басшылығының ерекше бақылауында. Департамент басшылығымен жемқорлыққа жол беретін жағдайлар мен себептерді жоюға айрықша назар аударылып, жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдануда» деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Ғалымбек Карагулов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: