Сенбі, 27 қараша, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре «Үздік анықтаушыны» марапаттады

24.11.2021

159 0

                Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре тергеу, анықтау және криминалист мамандарының арасында  ұйымдастырылған республикалық сайыста  Сыр елінің намысын қорғаған полицейлерді марапаттады.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарының кадрлық əлеуеті даярлығын көтеру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған бұл сайыс  қараша  айының 16-19 күндері аралығында ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының базасында өтті.   

         Республикалық байқауда Қызылорда облысы Полиция департаментінің намысын  Жаңақорған АПб-нің аға анықтаушысы Абжалов Бақытжан, Қызылорда ҚПБ Тб-нің тергеушісі Тәуекел Ержан және Қызылорда ОПД ЖКБ-ның аға криминалист маманы Райханов Ілияс қорғады.         

         Төрт кезеңнен тұрған байқауда қызылордалық полицейлер өз шеберліктерін көрсетті.        

         Байқау нәтижесі бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің аға анықтаушысы полиция майоры Абжалов Бақытжан  «Үздік анықтаушы» деп танылды.

          Тергеуші Тәуекел Ержан  мен аға криминалист Райханов Ілияс белсенділігі үшін марапатталды.

          Міне,  бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре аталмыш сайысқа қатысқан қызметкерлерді марапаттады.

Департамент бастығының 23 қарашадағы бұйрығымен республикалық сайысқа қатысқан қызметкерлер «Грамотамен» марапатталды.

«Тергеу, анықтау және криминалистика саласында  кәсіби шеберлігін ұштап, жедел-қызметтік міндеттерді атқаруда асқан табандылық танытып жүрген қызметкерлеріміз Қызылорда облысы Полиция департаментінің намысын республикалық деңгейде қорғады.  Жыл сайын мыңдаған ауыр қылмыстардың жедел ашылуына септігін тигізіп жүрген қызметкерлердің еңбегі  орасан.     

Республикалық деңгейде өткен тартысты байқаудан  жүлдемен  оралған қызметкерлерімізге шын жүректен алғыс білдіремін.  Отбасыларына амандық, қызығы мен қиындығы мол қызметтеріне табыс тілеймін» деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің  бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: