Жексенбі, 08 желтоқсан, 13:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция қызметкері екі адамды қағып кетті

04.08.2023

549 0

Шымкентте полицей анасы мен қызын қызметтік көлігімен қағып кеткен, – деп хабарлайды

Massaget.kz.

3 тамызда сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран аудандық полиция басқармасының жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді. Бұл жайт Шымкент қаласы Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.

«Қажет сараптамалар тағайындалды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы зардап шеккендерден және олардың туыстарынан полиция қызметкері жолда адамдардың жарақат алуына жол бергені үшін кешірім сұрайды», – делінген хабарламада.

Соталды тергеумен Полиция департаментінің анықтау басқармасы айналысып жатыр. Тергеу барысы Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: