Жұма, 19 сәуiр, 08:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада былтыр заңсыз айналымнан 118 келіге жуық есірткі заты алынды

11.01.2023

460 0

2022 жылдың 12 айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірынғай тізіліміне 212 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 28-і есірткі затын сату, 19-і есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, 43-і сора өсімдігін егу және есірткіні жарнамалаудың 6 дерегі. Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 296-бабында (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) көзделген қылмыстық теріс қылықтың 116 дерегі анықталған.
Заңсыз айналымнан барлығы 118 келіге жуық есірткі заты алынды, оның 7 кг. 307 гр. – гашиш, 1 кг.синтетикалық заттар, қалғаны сора өсімдігі.
Нашақорлық  пен  есірткі  қылмыстарының  алдын  алу  мақсатында  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  тарапынан  алдын  алу  жұмыстары  іске  асырылуда. Облыс  көлемінде  жалпы  362 профилактикалық іс-шаралар  өткізілді. Ұйымдастырылған  барлық  іс-шараларға   64 мыңға жуық   адам  қатысты.
Қызылорда облысының ПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында : (87242) 27-55-42  «Сенім  телефоны» жұмыс жасауда.
   Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: