Сенбі, 27 қараша, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 (1795)
23.11.2021
PDF мұрағаты

Қызылордада полицейлер Алматыдағы автосалоннан ұрланған көлікті тапты

11.12.2020

597 0

Қызылордада полицейлер облыс аумағында Алматы қаласындағы автосалоннан көлікті айдап кеткен азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментіне алматылық әріптестерінен белгісіз азаматтың Алматы қаласындағы автосалоннан құны 13 миллион теңге тұратын автокөлікті заңсыз иемденгені туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталған. Тергеу барысында аталған автокөліктің Қызылорда облысы аумағынан өтіп бара жатқандығы анықталды.

«Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасы бұл іс бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментіне дереу бағыт-бағдар берді. Сол бойынша қызылордалық полицейлер іздеу жұмыстарына кірісті. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Самара-Шымкент» тасжолының 1803 шақырымы тұсында орналасқан жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенінің алдында көрсетілген сипаттамаға сәйкес келетін көлікті байқайды. Көлік жүргізушісі оны сатып алғандығын айтады. Алайда, полицейлер тексеру барысында көліктің ұрланғанына көз жеткізді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Бұл оқиға бойынша Қызылорда облысы полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары – Мақсат Нарманов, Жомарт Байбол және Бек Дүйсенбаев қырағылық танытты. Бұдан бұрын Қызылордада жер үйден ер адамның мәйіті табылып, күдіктілер ұсталған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: