Жексенбі, 05 мамыр, 00:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Қарасора – 2023» шарасы барысында есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды

03.07.2023

447 0

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған «Қарасора – 2023» жедел – профилактикалық іс шарасы өтуде. 1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін өткізілмек.«Қарасора – 2023» шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу болып табылады.Іс – шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 38 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 17 дерегі есірткі өсіру, 2 дерегі есірткі өткізу, 1 дерегі аса ірі мөлшерде сақтау және 18 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 7 кг. «марихуана» және 366 кг. каннабис өсімдігі алынды.Есірткі өсірумен айналысқан 21 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды.Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: