Сенбі, 04 мамыр, 00:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Қарасора – 2023» шарасы барысында есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды

12.07.2023

522 0

Қазіргі уақытта республика көлемінде есірткі қылмысының жолын кесуге бағытталған «Қарасора – 2023» жедел – профилактикалық іс шарасы өтуде. 1 маусымда басталған шара 31 қазанға дейін өткізілмек.

«Қарасора – 2023» шарасының басты мақсаты – есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу болып табылады.

Іс – шара басталғалы облыс көлемінде барлығы 39 есірткі құқық бұзушылықтары анықталса, оның ішінде 20 дерегі есірткі өсіру, 2 дерегі есірткі өткізу, 3 дерегі аса ірі мөлшерде сақтау және 14 дерегі есірткіге байланысты қылмыстық теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 1 тонна 615 кг. 939 гр. есірткі заты алынса, оның 5 келіден астамы «марихуана», 5 гр. «гашиш» және 1 тонна 610 кг. каннабис өсімдігі алынды.

      Есірткі өсірумен айналысқан 23 адам құрықталып, оның 6-ы қамаққа алынды.

       Қазалы, Сырдария, Шиелі аудандары аумағының далалық аймағынан ірі есірткі алқаптары анықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: