Бейсенбі, 25 сәуiр, 05:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жүргізуші 3.5 миллион теңгеге жол ережесін бұзған

15.02.2021

1150 0

11 ақпанда «Борышкер» іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, прокуратура өкілдері және сот орындаушылары бірлескен рейдте 34 жастағы облыс тұрғынының басқаруындағы ресейлік нөмірлері бар жеңіл автокөлігін ұстады. Ол бірнеше ай ішінде жылдамдық режимін 181 мәрте бұзған.

Құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын «Арканмен»  аталған автокөлікке 2020 жылдың 12 маусымы – 2021 жылдың 11 ақпаны  аралығында  3 млн 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл  салынған.

Сондай-ақ, жүргізуші көлікті сақтандыру құжатсыз тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігімен хаттама рәсімделіп, жиналған құжаттар сотқа жолданды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: