Жұма, 29 наурыз, 14:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицей: Бақытжанның жаңа биігі​

23.11.2021

950 0

Жақында «ҚР ІІМ үздік тергеушісі», «ҚР ІІМ үздік анықтаушысы» және «ҚР ІІМ үздік криминалист маманы» бойынша 2021 жылдың үздіктерін анықтау​ үшін ҚР ІІМ-нің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Республикалық сайыс ұйымдастырылды.Тергеу, анықтау, криминалист мамандарының арасындағы байқауға Қызылорда облысы ПД-ң Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің анықтау тобының аға анықтаушысы Бақытжан Абжалов қатысып, бағын сынады. ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​Нәтижесінде Бақытжан Құнанбайұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды.​ ​ ​ ​ ​ ​ Сайыс жоғары деңгейде өткізіліп, онда барлық облыстық ПД-нің өз саласының майталман қызметкерлері қатысты. Байқау қорытындысымен Бақытжан Абжалов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №566 бұйрығымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша өз қызметтік міндеттерін​ адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ІІМ-нің І-дәрежелі дипломмен және үш лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай және бағалы сыйлыққа ие болды.​ Жаңақорған АПб-нің аға анықтаушысы, полиция майорының бұл жетістігі Жаңақорған ауданы ғана емес, Сыр елінің құқық қорғау саласы үшін де үлкен белес, абырой беделі.Бақытжан Құнанбайұлы әке қызметін өзіне аманаттап, сол ізбен келе жатқан құқық қорғау саласының білікті маманы. Бүгінгі қоғамда құқық қорғау саласында жүру, жауапкершілікті көтере білу үлкен міндетті жүктейді. Қоғам тыныштығын күзетіп, тұрғындар талап-үдесінен шығу бір бөлек, ең бастысы қызметке адалдық таныту сынға татиды. Біздің кейіпкеріміз әкесі салған жолмен жүріп, бөлімде ерен еңбегімен еленіп келеді.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ – 1989 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе совхозында туылдым 1996 жылы Жаңақорған ауданы, Шалхия кентіндегі №86 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2007 жылы қанат қақтым. Менің полицияға келуім бала кездегі арманым десем болады. Өйткені кішкентайдан әке тәрбиесін көріп, сол салған ізбен жүріп келемін. Әрине қызметіммен мақтанамын, – дейді Бақытжан.Ол 2007 жылы Алматы қаласындағы ІІМ-нің Академиясына жедел-криминалистикалық тобына оқуға түсіп, 2011 жылы «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Отан алдындағы міндетін өтеп келіп, мамандығы бойынша аудандық полиция бөліміне қызметке орналасады. Бақытжан туралы басшылық құрам оның білікті кадр екенін жеткізді, ісіне ұқыпты екенін естідік. Әке тәрбиесін алған ұл елге осылай қызмет етіп келеді.​ ​ ​ ​ ​ Жұбайы Асемай Жақсылыққызы екеуі ұл-қыз өсіріп отырған отбасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: