Жексенбі, 24 қараша, 08:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында «Мандалдармен жұмыс» тақырыбында сабақ өтті

29.10.2024

190 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ депараментінің №60 түзеу мекемесінде Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек берілді.
Жоспарға сәйкес мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында «Мандалдармен жұмыс» бойынша сабақ өткізілді. Мандаламен жұмыстың негізгі мақсаты жазасын өтеуші азаматтардың «ішкі жарықтандыруға» ықпал ететін рухани құндылығын дамыту.
Мандаланы бояу барысында жазасын өтеуші азаматтар бейсаналы түрде өзін бала сияқты сезінеді. Бұл оны әдеттегідей бақытты және тыныш уақытқа тасымалдайды. Жалпы мандала жұмысының пайдасы стресс пен мазасыздықты азайтады, шығармашылық әлеуетті ашады, құштарлық ойды шоғырландыру, ішкі эмоцияларды білдіруге оларды түсінуге бағыттайды.
Қорытындылау барысында жазасын өтеуші азаматтар өздерінің ішкі сезімімен бөлісіп, кері байланысқа түсе білді.
– Мен сурет бояу арқылы өткеніме, келешегіме ойша шолу жасадым. Өкініштер бар, дегенмен өткен өтті, оны босатып, келешегіме үмітпен қарадым, —деді сотталушы.

№60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: