Жұма, 03 мамыр, 04:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандардың денсаулығы басты назарда

03.08.2023

496 0

ҚАЖ департаметінің №60 мекеменің мәжіліс залында жазасын өтеуші азаматтарға сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жиналыс өтті.
Жиналысқа №3 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қожарипова Жаннат Шайхсламовна, ҚАЖ департаметі бастығының орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы, №60 мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы, мекемеде қызмет атқаратын медицина мамандары қатысты.

– Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, сапалы медициналық көмек көрсетіп, өз кінәсін түсінген және түзелу жолына түскен жазасын өтеуші азаматтардың біздің қоғамымызға оралуына жағдай жасау, – деді №3 қалалық емхана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қожарипова Жаннат Шайхсламовна.
Жиналыс барысында ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы сотталғандардың денсаулық жағдайына шолу жасап, алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру жайлы сөз қозғады.

-ҚАЖД №60 мекемесімен тығыз байланыста қызмет етіп келе жатқан Қызылорда қалалық №3 емханасының дәрігерлеріне алғыс айтамыз. Сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету – жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы болғандықтан, мекемедегі медицина қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтардың денсаулық жағдайын басты назарда ұстап, барлық медициналық шараларын жасауда , – деді ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы.
Жиын соңында ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы №60 мекеменің медициналық бөлімінің жұмысы, медициналық ұжымның жұмысқа қабілеттілігі туралы оң пікір білдірді.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: