Дүйсенбі, 06 мамыр, 10:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Сыр айбындары» командасымен кездесу өтті

27.06.2023

239 0

Бүгін облыс әкімдігінде «Айбын – 2023» IX Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының I орын иегерлері «Сыр айбындары» командасының мүшелерімен арнайы кездесу өтті.Кездесуге ардагерлер мен аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері, жеңімпаздардың ата-аналары қатысты. Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Б. Сансызбайұлы жас жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, команда мүшелері мен жетекшілеріне, дайындық жұмыстарын үйлестіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарға аймақ басшысының Алғыс хатын табыстады.Айта кету керек, Халықаралық деңгейде өткен доданың жекелей сайыстарында да Сыр жастары үздіктер қатарынан көрінді. Командалық әскерилендірілген эстафетада І орын және «Айбын дарыны» шығармашылық байқауында ІІІ орын иеленсе, Қайырлаев Берекет жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию сайысынан ІІ орын, Сайдбаттал Мұхаммедхан тоғызқұмалақ спорт түрінен ІІІ орын, Аманқұлов Мейірбек АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан ІІІ орын иеленген болатын.Алдағы уақытта да Сыр жастарының жеңісті күндері мол боларына сенім білдіреміз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: