Бейсенбі, 02 мамыр, 23:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

СЫР ЖАСТАРЫ – АЙБЫНДЫҚТАР АЙМАҚТЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

22.06.2023

564 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тікелей қолдауымен аймағымыздың жалындаған патриот жастары Қарағанды облысындағы Спасск оқу орталығында 17-23 маусым күндері «Айбын» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін сайысқа еліміздің 20 өңірі мен Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекетінен әскери дайындығы мықты командалар қатысып, бақтарын сынады.Мықтылар бас қосқан жиында аймақ жастарының атынан «Сыр айбыны» құрама командасы қатысып, облысымыздың намысын қорғады. Онда жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де сынға салды.Бір аптаға жалғасқан жарыста жыл сайын жүлделі орынды қанжығаларына байлайтын қызылордалық жастарымыз барлық тәжірбиелері мен күнделікті оқу жаттығудың нәтижесінде биыл да мерейін өсіріп, командалық есепте «Сыр айбыны» құрама командасы І орынға ие болды. Жарайсыздар Сырдың жас сарбаздары!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: