Сейсенбі, 26 қараша, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Тергеу мекемесін де екінші жарты жылдық қорытындыланды

16.07.2024

265 0

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыровтың қатысуымен тергеу мекемесінде алты айда айтқарылған жүйелі жұмыстардың қорытындысы өтті. Жедел кеңеске мекеме басшылары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.
          Жедел кеңесті ашқан әділет подполковнигі Әбдіқайыров Жүніс Өтегенұлы   ІІМ ҚАЖ комитетінен келіп түскен нұсқаулықтар мен таныстырып, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке құрам арасында басшылар тарапынан профилактикалық шаралардың ұйымдастырылуы баяндалды.
         Жедел-қызметтік жұмысының екінші тоқсанының қорытындылары туралы мекеме бастығының жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары әділет майоры Романкулов Ерлан Бегімұлы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында №68 мекемесіндегі сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сондай-ақ департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, атқарылған жұмыстары мен ҚАЖ имиджін арттыру бағытында БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар жөнінде баяндады.
Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығының орынбасары №68  мекемесінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандар арасында тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, тапсырды. Қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: