Сенбі, 06 наурыз, 06:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (1720)
06.03.2021
PDF мұрағаты

Үй күтушісі алдап кетті

17.02.2021

469 0

  16 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1994 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, үй күтушісі болып жұмыс жасайтын азаматша, жатын бөлмесіндегі сөмкенің ішінен  алтын сағат пен жүзікті ұрлап, қолды еткен. Келтірілген материалдық шығын  150 мың теңге. Жәбірленуші күдіктінің ұрлыққа әрекет етуін бірнеше рет байқағандығын айтты.     

  Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында бірнеше сағаттан кейін  1964 жылы туған  күдікті әйел ұсталды.

  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: