Сәрсенбі, 24 сәуiр, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз ойын ұйымдастырған қызылордалыққа үкім шықты

03.12.2020

922 0

 Заңсыз ойын ұйымдастыруға қатысты кезекті қылмыстық іс бойынша сот үкім кесті. Бұл заңсыз әрекет Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен үстіміздегі жылдың тамызында анықталған болатын.

Қызылорда қаласының тұрғыны балаларға арналған компьютерлік ойын клубы түрінде өз жеке кәсібін ашқан. Қаланың орталық көшелерінің бірінен жалға ғимарат алып, оған 14 компьютер қойған соң кәсібінің астарын Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңына қайшы әрекеттерге бұрған. Экономикалық тергеу департаментінің криминалист  мамандары жүргізген зерттеулер нәтижесінде бұл компьютерлерге ұтыс тігілетін құмар ойындар жүктелгені және онлайн ойындар жасалғаны дәлелденді.

№2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307 бабы 1 бөлігінде қарастырылған қылмыстық әрекеттері үшін (ойын мекемесiн заңсыз ашу немесе заңсыз ұйымдастыру, құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу) заңсыз ойын ұйымдастырған азаматтың 1 жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар сотпен пробациялық бақылау және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту тағайындалды.  

Ойын орнынан алынған 14 компьютер құрылғыларымен, 4 ұялы телефон және модем, кассадан алынған 177700 теңге ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Айта кетейік, 2020 жылдың 9 айында қоғамға елеулі залал келтіретін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегімен 6 қылмыстық іс тіркелген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: