Дүйсенбі, 06 мамыр, 01:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Жас сарбаз» — «QOB TEAM»: меморандумға қол қойылды

20.07.2023

226 0

Бүгін «QOB TEAM» жасөспірімдер мен жастар аралас жекпе-жек клубы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы 4 жыл көлемінде Жастар орталығы жанынан 12 мыңға жуық жастың басын біріктіріп, жастардың әскери бағыттағы түрлі шаралар мен жобаларға жан-жақты қатысуына мүдделестік танытып келеді. Ал «QOB TEAM» тарландары Жастар орталығының қолдауымен жыл көлемінде қала бойынша 150-ге жуық спорт сүйер жастың жаттығып, түрлі турнирлерде топ жаруына мүмкіндік сыйлауда.

Қос ұйым қол қойған меморандум алдағы уақытта Сыр жастарының әскери, спорттық бағытта қатар шыңдалып, биік мүдделерге бірлесе күш салуына сеп болмақ. Сонымен қатар, еліміздегі әскери құрылымдарға, әскери оқу орындарында білім алу және қызмет атқаруға, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, ережесіз жекпе-жек спорт түрінен арнайы жиындарға қатысып, шеберліктерін шыңдауға атсалыспақ.

Ынтымақтастық ұзағынан болып, елімізге қызмет етер патриот жастар мен спорт саңлақтары көп болсын деп тілейміз

СырЖастары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: