Сенбі, 04 мамыр, 13:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілерде айлық табыс табады

28.07.2023

204 0

          Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар мекемеге де, өзіне де пайдалы жұмыспен айналысады.

          Солардың бірі Е есімді азамат. ҚР ҚК-нің 188 бабы 1-тармағы ұрлық жасау ісі бойынша қылмыс жасап, 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Қазір  жазасын өтеп жатқанына 2 жылға жуық уақыт болды. Ол, мекеме аумағында ағаш ұстасы яғни, (плотник) қызметін атқарады. Жасап жатқан жұмысы арқылы 90 мыңға жуық айлық табыс тауып, өзіне немесе отбасына жалақысын беріп отырады

  • Темірторда отырсамда мекеме аумағында ағаш ұстасы болып жұмыс жасаймын. Бұл жұмыс мен үшін өте маңызды. Жұмыс жасау арқылы артық ойлардан, артық эмоциялардан арылып, өзіме де, өзгеге де пайдалы уақыт өткіземін. Жасап жатқан жұмысымның нәтижесін көру мен үшін бақыт және мен өз жұмысыма адалмын әрі жақсы көремін. Жұмысымды сүйіп жасағаным мен үшін бостандыққа шығуға үлкен септігін тигізеді- деді сотталған азамат.

          Сондай-ақ мекемедегі барлық жазасын өтеп жатқан азаматтарға дәмді тағамдарын дайындап беретін аспаз маманы да қарастырылған. Мекемеде жұмыс жасау арқылы қарындасына қаржылай көмек көрсетіп, ағалық борышын орындайды.

  • Бостандықта жүргенде тағамдарды дәмді даярлайтынмын. Алайда, аяғымды шалт басып, жаза бастым. Темірторда отырсамда өзімнің сүйікті жұмысымды тастамадым. Мекеме басшылығының атынан аспаз қызметі бұйырып, қазір барлық өзім сияқты жазасын өтеушілерге дәмді тағамымды әзірлеймін. Жұмысыңды жақсы көріп жасасаң жемісін көресің демекші, қазіргі таңда барлық азаматтардан жылы лебіз естіп жатырмын. Мекемеде осы салада жұмыс жасап, пайдамды тигізіп жатқаныма өкінбеймін. Керісінше, қаражат тауып отбасыма көмек көрсетемін-деді М есімді жазасын өтеуші азамат

          Қазіргі таңда мекеме аумағында: Сантехниктер, электриктер, дәнекерлеушілер, тазалаушылар, асхана жұмысшылары, абаттандырушылар, құрылыстар мен құрылыстарды жөндеушілер, кір жуу машинистері жұмыс жасайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: