Жұма, 04 қазан, 06:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық құндылық – ұрпақ тәрбиесінің кілті

28.09.2022

1270 0

Ұлт  мұраттарының  бірі – жас  ұрпақ, келелі келешек. Бұл тақырып  кеше де,  бүгін де  күн  тәртібінен  түскен емес.  Батыр атамыз  Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы»  десе,  ақын Олжас Сүлейменов  «Адам  тағдырын  тәрбие  шешеді» деп  жазды. Тәрбие –  кешіктірілсе  кешірілмейтін,  дұрыс  бағыт алмаса қалпына  келмейтін нәзік те,  кәделі іс.  Адам  ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел  болса,  мұның  мөлдір  бастауы тәлім – тәрбие  ісінде  жатыр.

Бүгінгі  таңда жастарға  әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне  сәйкес  білім беру мен тәрбие  беру заман талабы. Сонымен  қатар, әр адамның кәсіби  біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның  міндеті  болып  тұр.

Тағы да аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының сөзіне сүйенсек: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым  көбейіп жүр» дейді. Оның нақты себебін талдап та берді.

  • Біріншісі:  балаларын  бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.
  • Екіншісі:  немересіне  ертегі айтып  беретін әженің  азаюынан  қорқамын.
  • Үшіншісі: дәмді, дәстүрді  сыйламайтын  балалар өсіп келеді, содан  қорқамын» деді ұлт батыры.

Сондықтан келешек ұрпақтың бесік  жыры үнінің құдіретін сезініп өскені маңызды.  Есті ата-әжелерімізден ертегіні  құмарта  тыңдап,  дәстүрімізді  сыйлайтын  намысты ұл мен қыздың  өсуі ұлттық кодты сақтап қала алады. 

         Ұлпанай СЫРЛЫБАЙ,

 С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицей тәлімгері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: