Сейсенбі, 04 қазан, 12:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79 (1884)
04.10.2022
PDF мұрағаты

Нұртөре Жүсіп мектепке жеке кітапханасынан 100 кітап тапсырды

26.08.2022

1736 0

Сенатор Нұртөре Жүсіп Түркістан облысы Сауран ауданы Абдулла Үсенов атындағы орта мектеп ұжымымен кездесіп, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұстаздармен кездесуде депутат жаңа білім беру стандарттарына ерекше назар аударды. 

Бүгінде еліміздегі барлық мектеп оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған жаңартылған қағида бойынша жұмыс істейді. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Бұл күндері тек білімді болу жеткіліксіз. Әр адам үшін адамгершілік, ізгілік, мейірімділік және патриотизм сияқты қасиеттер біртұтас құндылыққа айналуы керек, – деді Сенат депутаты. 

Депутат атап өткендей, Парламенті Сенаты педагогтардың еңбек жағдайын жақсарту бойынша «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл саладағы қадамдар мұғалімдерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға, оларға қатысты емес жұмыстар мен тексерулерден босатуға арналған.

Мектеп ұжымы сенаторға білім беру мәселелеріне назар аударып, үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Сенат депутаты мұғалімдердің қызметтеріне табыс тілеп, кездесуде көтерілген проблемалар мен айтылған ұсыныстар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықталатынын жеткізді.

Іс-шара соңында сенатор сүйікті авторлардың және оқуға міндетті кітаптар тізімімен бөлісіп, мектепке жеке кітапханасынан 100 кітап сыйлады. 

Біздің азаматтарымыз білімді және мәдениетті болуы керек. Жас ұрпақтың санасында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ана тілі мен әдебиетіне, тарих пен өнерге деген құрметті сіңіру, халықтың салт-дәстүрлеріне ұқыпты қарау аса маңызды. Жастарды осыған тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін көп оқу керек, – деді Нұртөре Жүсіп.

Тағы да оқыңыз: