Жексенбі, 08 желтоқсан, 08:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Берік Асылов Бас прокурор болып тағайындалды

03.03.2022

593 0

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президенттің баспасөз қызметі Берік Асыловты ҚР Бас прокуроры етіп тағайындау туралы қаулы шыққанын мәлім етті.

«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалсын» делінген 3 наурызда жарияланған құжатта.

Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда дүниеге келген.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында туған.

1991-1992 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы, 1992 жылдың 17 наурызында Алатау аудан прокурасының аға тергеушісі қызметін атқарған.

1993 жылы Бас прокуратура тергеушісі, аға тергеушісі, 1995-1996 жылдар аралығында Алматы әуе көлік прокурорының орынбасары болды.

1996 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында Мемлекеттік тергеу комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау қызметінде, Президент күзеті қызмет органдарында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды.

1996 жылдың желтоқсан айында ҚР Бас прокуратурасының жедел- іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің аға прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы аталған бөлімнің бастығы лауазымына ұсынылып, онда 2001 жылға дейін қызмет етті.

2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласының прокуроры, 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2005-2006 жылдары облыс прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2006-2008 жылдары Батыс аймақтық көлік прокуроры, 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың маусымына дейін Ақтөбе облысының прокуроры болды.

2010 жылдың маусым айынан 2011 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

2011-2017 жылдары – Алматы қаласының Бас прокуроры.

2017-2019 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен және «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен марапатталған.

2011 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3 дәрежелі «Мемлекеттік әділет кеңесшісі» шеніне ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: