Жұма, 08 қараша, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

«Билікте әйелдердің қатары көбейе түсті»: Мемлекет басшысы

03.10.2024

361 0

Сурет:aqorda

Өкілді билікте әйелдердің қатары көбейе түсті. Бұл туралы мәслихаттардың форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы сөз басында мәслихаттардың жұмысы мен елдегі өзгерістерге тоқталды.

Елімізде қыз-келіншектердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әйелдердің құқығын қорғауға баса назар аударылып жатыр. Осының бәрі реформаның нақты нәтижесі екені сөзсіз. Сондай-ақ реформа партиялардың аймақтағы белсенділігін арттырды. Олар облыс, аудан орталықтарында қарқынды жұмыс істей бастады. Азаматтардың саяси үдеріске кеңінен араласуына мүмкіндік туды. Жер-жерде түрлі мәселе туралы ашық талқылаулар өтіп жатыр. Басқаша айтсақ, пікір алуандығына жол ашылды. Жұрт жергілікті мәселелерді шешуге белсене атсалысатын болды. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен толық үндеседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, саяси реформалардың нәтижесінде мәслихаттардың құзыреті кеңейе түсті.

Депутаттар облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін баламалы негізде таңдайтын болды. Атқарушы билікке ықпал ете алатын басқа да құзыреттер берілді. Сондықтан мәслихаттар аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдіктермен бірдей жауапты. Депутаттар өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруы керек, – деді Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: