Жұма, 30 шiлде, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (1761)
26.07.2021
PDF мұрағаты

Ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін бе – Назарбаевтың жауабы

02.12.2020

350 0

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында «Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Ондай әңгімелердің негізі жоқ. Бірақ айтудың жөні бар ғой. Түркістан әсіресе сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы терең, әрине. Қожа Ахмет Яссауи осында келіп, мұсылмандықты уағыздаған. Бұл түркі дүниесінің мұсылман болуына ықпал етті. Сондықтан олар сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін, ел астанасы болса деген ойлар бар шығар. Бірақ қазіргі астанамызды әрі қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай халқы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың халқы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен өзім мұны ұсынғам жоқ, бірақ қарсы да болғаным жоқ. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз», – деп жауап берді Елбасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: