Сенбі, 04 мамыр, 16:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Кеңес мүшелері онлайн бас қосты

02.12.2020

1060 0

«Кәсіпкерлікті қолдау» бағытындағы аймақтық қоғамдық кеңестің «Кәсіпкерлік – тұрақты қоғамның алтын дінгегі» тақырыбындағы онлайн отырысы өтті. Кеңес мүшелеріне Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласындағы филиал менеджері Оразбекова Жанат, Ақай елді мекендері және Байқоңыр қаласы бойынша кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы баяндады.
2020 жылғы 1 қазан айының есебі бойынша Байқоңыр қаласында 498 кәсіпкер тіркелді, оның 425-і жұмыс жасайды. Ал Төретам елді-мекенінде 732, Ақайда 237 тұрғын өз кәсібін жасап отыр. Оқу курстарын осы кезге дейін 118 адам толық оқып аяқтады. Еңбек бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қолдау үшін 63 адамға 200 АЕК көлемінде қаржылық көмек берілді.

Өз кезегінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысы Қожабергенов Фердоуси өңіріміздегі кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді-мекендеріне қатысты қолдау жобаларын атады.

  • Карантиндік шектеулер кәсіпкерлерге өз кері әсерін тигізді. Біз оларды қолдау мақсатында түрлі жобалар жасадық. Оның ішінде салықтық жеңілдіктер, жалдау ақыларыны берілетін көмектер бар. Байқоңыр қаласы бойынша алдағы уақытта ұсыныстар дайындап жатырмыз. Ол екі мемлекет арасындағы келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Мәселен Байқоңырлық кәсіпкерлер үшін кепілдіксіз несие рәсімдеуді ұсындық.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары Ғалым Баймбетов Еңбек мемлекеттік бағдарламасы бойынша азаматтарды кәсіпкерлікке тарту туралы айтты. Сонымен кеңес аяғында ұсыныс-пікірлер тындалды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: