Жұма, 29 наурыз, 04:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Президент ретіндегі ұстанымым – Әділетті Қазақстан құру»: БҰҰ сессиясында сөз сөйлеген Тоқаев елдегі саяси өзгерістер туралы айтты

21.09.2022

618 0

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ассамблеясының 77-сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретіндегі ұстанымы әділетті Қазақстанды құру керек екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол әйелдердің құқығын одан әрі кеңейтуді қамтамасыз етуді мақсат еткенін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда әділдік салтанат құруы керегін, ал қоғамда заң мен тәртіптің негіз болатынын айтты. 

«Бұл жолдың ең маңызды бөлігі – трансформациялық саяси реформалар. Алдағы айларда Қазақстанда президент және парламент сайлауы өтеді. Мен Президент өкілеттігін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсындым. Бұл – Қазақстанда демократияны дамытудағы нағыз серпіліс.

Осы ретте «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» деген менің формуламды қатаң ұстанамыз. Бұл формула Қазақстанның ұлттық мүдделеріне толық сәйкес келетініне сенімдімін», – деді Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, қазір мемлекет экономиканы монополиядан арылтуды көздеп отыр. Сондай-ақ адам капиталын арттыруға байланысты шаралардың қабылданып жатқанын қосып өтті. 

«Жақында балаларға арналған Ұлттық қор құру туралы бастама көтердім. 2024 жылдан бастап Ұлттық әл-ауқат қорының инвестициялық кірісінің 50 пайызы кәмелеттік жасқа толғанға дейін балалардың арнайы жинақ шоттарына аударылады. Бұл қаражатты білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсауға болады.

Қазір «Қазақстан халқына» арнайы жеке қайырымдылық қоры да қарапайым азаматтарға денсаулық, білім, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерінде көмек көрсетіп келеді

Әйелдердің құқығын одан әрі кеңейтуді және олардың экономикалық және әлеуметтік өмірге қатысуын қамтамасыз ету – біздің мақсатымыз», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: