Сенбі, 20 сәуiр, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Президент сайлауы: №354 учаскеде сайлау қалай өтті?

21.11.2022

668 0

2022 жылдың 20 қарашасы Қазақстанның тарихында маңызды күндердің қатарына енді. Себебі дәл осы күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ел болашағы үшін маңызы зор бұл саяси науқанның көрінісі қандай болғаны туралы бүгінгі мақалада жазуды жөн көрдік. Бұл үшін Қызылорда қаласындағы Байзақ Момынбаев атындағы №278 ІТ мектеп-лицейі қабырғасында орналасқан №349 және №354 сайлау учаскесінің басшысы Эльмира Азатбаевамен тілдескен едік.

− 20 қараша бүкіл қазақ елі үшін ерекше күн болды. Өйткені бұл күні біз елімізді басқаруды сеніп тапсыратын президентті сайладық. Осы саяси науқанда менің басқаруымдағы мектеп қабырғасында Қызылорда қаласындағы №349 және №350 сайлау учаскелері орналасты. Өзім төрайым болып сайланған №354 сайлау учаскесінде 2754 сайлаушы тіркеліп, 1412-і сайлауда өз таңдауын жасады, – деді №354 сайлау учаскесінің төрайымы Эльмира Кеделбайқызы.

Бұл сайлау учаскесінде де өз таңдауын жасағандар қатарында ерекше сайлаушылар болды. Соның ішінде отбасымен, балаларымен және тіпті кандидаттарды балаларға таныстырған сайлаушылар болды. «Кішкентай балаларын ертіп келіп, сайлаудың не екенін, президенттің қызметін және кандидаттарды таныстырған азаматтарды көрдік. Сайлауға асығып, маңызды күнде өз таңдауын жасағандар қатарында егде жастағы тұрғындарымыз да болды. Сондай-ақ, біздің учаскеге қарасты үйінен дауыс беретін тұрғынның костюм киіп, қызметкерлер келгенде «Мен сендерде күттім, келмейді ма деп қорықтым» деп саяси науқанға бей-жай қарамайтынын көрсеткен. Бұл әрбір адамға сайлаудың маңыздылығын түсіндірері анық», − дейді учаске төрайымы.

№278 мектеп-лицейде орналасқан сайлау учаскесіне ең бірінші болып дауыс беруге келген тұрғын таңғы сағат 5.50-де келген. Ал ең соңғы дауыс беруші бала кешкі сағат сегізге үш минут қалғанда жүгіріп келіп дауыс беріп, үлгергеніне қуанған. Сайлаушылардың арасында ең бірінші келген, ең бірінші рет таңдау жасаған және ең егде жастағы сайлаушыға арнайы сыйлықтар табысталған.

«№354 сайлау учаскесіне бақылаушылар таңғы сағат 5.30-дан бастап келе бастады. Олар өздерін таныстырып, келген партия немесе қоғамдық ұйымынан берілген жолдамалары арқылы өз қызметін атқарған. Әртүрлі жастағы және түрлі қызмет саласының мамандарынан құрылған бақылаушылардың жалпы саны 10 адам болды», − деді Эльмира Азатбаева.

 Міне, бір ғана сайлау учаскесінде осындай қызықты сәттер орын алып, тұрғындар белсенділік танытқаны байқалады. Бұл қазақстандықтардың өз мемлекеті үшін алаңдайтынын, кемел келешекке қадам басуды қайлатынынан көрініс беретін жайт.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: