Бейсенбі, 20 маусым, 21:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңгеден алады

26.09.2022

407 0

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Президенттігіне кандидат әр адамға үгіт-насихат үшін 10 миллион теңгеден бөлінетінін мәлімдеді.

Кандидаттар БАҚ-та материалдарды жариялауы үшін, халық алдында сөз сөйлеу үшін аудиторияны жалға алуына байланысты шығыс көлемі қарастырылды.

«Кандидат шығындарының болжамды сметасын жасалды. Ол барлық бағаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының ұсыныстарына сәйкес жүргізілген. Шамамен шығын 10 миллион теңгені құрайды. Кандидаттар теледидар, радио арқылы сөз сөйлейді, баспаларға материал жариялайды, аудитория мен көлікті жалға алады», – деді Сабила Мұстафина ОСК отырысында.

Мұстафина бұл жоспарлы шығындар екенін атап өтті. Ресми шешімі кейін жарияланады.

23 қыркүйекте ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды. Сайлау 20 қарашада өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: